«Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 ЖББО мектеп-гимназиясы» ММ
0
Қамқоршылық кеңесі жиналысының №4 ХАТТАМАСЫ

М. Құрманғалиева атындағы

№32 мектеп-гимназиясында өткен

мектепішілік  қамқоршылық кеңесі жиналысының

 

№4  ХАТТАМАСЫ

 

Күні: 5  сәуір  2018 жыл                                                                

 

Жиналыстың  баяндамашылары:

                         Алишева Баян Каналиевна , қамқоршылық кеңесінің төрайымы

                        

Жиналыс хатшысы:

                                     Жаңагүл Жүрсін

қатысушылар:          қамқоршылық кеңесінің мүшелері

қатыспағандар:         жоқ

                           

 

                                   КҮН  ТӘРТІБІ

- Мектеп оқушыларына смартфон ұстауға тыйым салу

-Мектеп формасының сақталуы

 

 

 

                                   НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

 

  • Мектеп оқушыларына смартфон ұстауға тыйым салу

 

Қамқоршылық кеңесінде көтерілген мәселенің біріншісі  мектеп оқушыларына смартфон ұстауға тыйым салу болды. Бұл туралы баяндама жасаған қамқоршылық кеңес мүшесі Пирмаханова Тұрсұлу Аязбаевна   смартфонның зардаптары туралы айтып өтті.  

 

     - Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру»  атты мақаласында  «Табысты болудың  ең іргелі, басты факторы білім  екенін әркім терең  түсінуі керек.  Жастарымыз басымдық беретін  межелердің  қатарында  білім әрдайым бірінші  орында  тұруы шарт. Себебі, құндылықтар    жүйесінде  білімді бәрінен  биік қоятын  ұлт қана  табысқа жетеді», деп атап айтты.  Сол жас ұрпақты  білім  нәрімен  сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны болар  ұстаздар болса, онда оларға  деген құрмет те ерекше  болу қажет.

           Бәріміз ұстаздарды балағаттау, тіпті қол жұмсау, балалардың тәрбиесіздігіне кінәлау, тағы сол сияқтыларды  бұқаралық ақпарат құралдарынан, әлеуметтік желілерден көріп жүрміз.  Бүгін ата-аналардың тарапынан,  балалардың көзінше  мұғалімдерге әртүрлі балағаттарды, дөрекі  сөздерді  қолдануы арқылы    жас жеткіншектердің  өз ұстаздарына  жек-көрініш туғызып,  оларға деген құрметтің  төмендеуіне  әкеліп соғуда.   Мұғалім  бейнесі –қауқарсыз, құқығы тапталған адамға айналды. 

          Ұстаздарға деген сенімсіздік  ата-аналар тарапынан  күннен-күнге үдемесе, бәсеңдеген жоқ, өйткені,  мектепте  диктафон, фотоаппарат, мобильді  телефон  қолдану арқылы  оқушылар мұғалімдерінің беделін түсіруі орын  алуда.

         Осындай жағдайларды ескере отырып,  мұғалім мәртебесін  қорғау үшін, жоғары билік өкілдеріне  ұстаздарға  қолдау көрсету үшін төмендегідей ұсыныстар жасалуда:

  1. Қазіргі таңда Ресейлік ұстаздар кеңесі  биліктен  ұстаздардың қорғалуына  кепілдік  берілуін заң арқылы реттелуін талқылап, ұсыныстар дайындағаны  дайындағаны мәлім.  Ол өзгерістер, педагогикалық  қызметкерлерге жасалған  зорлық-зомбылық, сонымен қатар оның ар-ожданына тию, билік өкілдеріне жасалған зорлық-зомбылықпен пара-пар болып есептеледі. Бұл тәжірибе де біздің  ұстаздар қауымын  қорғауға пайдаланылса.
  2. Мемлекеттік органдарда видеокамерасы бар және интернетке қосылған телефондарды пайдалануға тыйым салынғаны белгілі.  Мектептердің де  мемлекеттік мекеме екендігін ескере отырып,  оқушыларға, ата-аналарға,  мұғалімдерге оқу процесі кезінде мектепте интернет-модульдері мен фото-видеокамералары бар құрылғыларды  пайдалануына шектеу қойылса, - деді.

 

 

  • Мектеп формасының сақталуы

 

    Қамқоршылық кеңесінде көтерілген мәселенің екіншісі  мектеп формасының сақталуы болды. Бұл туралы баяндама жасаған кеңес төрайымы Баян Әлішева ата-аналар  есіне  Қазақстанда мектеп формасына қойылатын талаптарды салып өтті.
       «Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. біздің мектеп формамыз осы талаптарға сай. Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды, - деді Баян Әлішева.

           М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясында мектеп формасының түсі, фасоны және юбканың ұзындығы жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітілген. Және жалпымектептік ата-аналар жиналысында ата-аналарға таныстырылып, көпшіліктің қолдауына ие болған. Сондықтан мектеп формасының сақталуына әрдайым үлкен мән берілетін болады. М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясында мектеп формасын сақтамай, сабаққа орамал тағып келетін оқушылар жоқ.

 

Пікір айтушылар:

 

10 «А» класс оқушысы Аманов Даниярдың анасы  Байқадамова Лайла:

Менің балам осы мектепте 10 сыныпта оқиды. Баламда әлі күнге дейін смартфон қолданбайды. Жоғарыда  айтылған баяндамаға толығымен келісемін. Оқушылар да ата-аналарда мемлекеттік мекемеге кірерде смартфон ұстамауы тиіс.  Ғалым да, шахтер де бас иетін ұстаздар қауымына деген зор ілтипат көрсету баршамыздың борышымыз. 

 

 

Мектеп формасының сақталуына байланысты  мәселелерге қарсылық білдіріп, пікір айтушылар болған жоқ.

 

Қабылданған қаулы:

 

  • Жоғарыдағылар негізінде ата-аналарға  мектепте  оқушылардың, тәрбиеленушілердің  телефонмен (смартфон) келуіне қатаң түрде тыйым салынсын.

 

  • Мектеп жарғысына және мектептің ішкі тәртіп ережесіне енгізілген өзгертулерге сәйкес мектеп формасы сақталуы қадағалансын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиналыс төрайымы:                                              Алишева  Б.К.

 

 

 

Жиналыс хатшысы :                                              Жүрсін Ж.