«Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 ЖББО мектеп-гимназиясы» ММ
0
Қамқоршылық кеңес жиналысының №2 ХАТТАМАСЫ

М. Құрманғалиева атындағы

№32 мектеп-гимназиясында өткен

қамқоршылық кеңес жиналысының

                     

№2 ХАТТАМАСЫ

 

Күні: 20  желтоқсан 2017  жыл                                                                 

 

Қатысушылар:            мектепішілік   қамқоршылық кеңесі   мүшелері

                      

Қатыспағандар:           жоқ

                           

 

                                   КҮН  ТӘРТІБІ

 

1.Жаңа жыл мерекесін  өткізу ретін талқылау

 

          Ата-аналар талқыға салған тағы бір тақырып-мектепте шырша тойын өткізу жайы болды. Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары асыға күтетін шырша тойының көңілді , есте қаларлықтай болып өтуі үшін және мұғалімдерді негізгі міндеттері оқу-тәрбие процесінен алаңдатпау үшін ата-аналар шырша тойын кәсіби ұжымға сеніп тапсыруды ұсынды. Мерекелік сценарий мен сахналық костюмдері талқыға салынғаннан кейін , мектептегі шырша тойын өткізу міндеті «Әли» шығармашылық бірлестігіне тапсырылатын болды. Бұл ұсынысты бірауыздан қолдаған ата-аналар комитеті «Әли» шығармашылық бірлестігінің қызметі  үшін әр баладан  700 теңгеден жинауға да келісімдерін берді.Бұл төлем ата-ана келісімімен ғана жүзеге асырылатын болады. Оқушы шырша тойына қатыспауға да құқылы. Бұл төлемнен әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасылар толық босатылады. Яғни, олар шырша тойына тегін қатысады.

 

Жиналыста сөйлеушілер:

Мектепішілік қамқоршылық кеңесі мүшесі Абилов Талгар Сатыбаевич  сөз алды.

Жылына бір рет келетін «Жаңа жыл» мерекесін балаларымыз асыға күтеді.  Олардың мерекесін қызықты әрі көңілді өткізу үшін шынымен де «Әли» шығармашылық орталығын шақырғанымыз дұрыс болады деп ойлаймын.

Пікір айтушылар:

Телебекова Ирина Мендигереевна :   менің балам да 1 –ші класс оқушысы. Аяз атаны асыға күтуде.   Ата-аналардың барлығы да балаларының қуанышы үшін ешқандай қарсылық білдіріп отырған жоқ. Ақша жинауға қарсы еместіктері туралы қолхаттар алынып тұр екен.

 

Қабылданған қаулы:

 

  1. Мектептегі шырша тойын өткізу «Әли» шығармашылық орталығына бекітіліп, оның жақсы өтуін  қадағалау қамқоршылық кеңесі мүшелеріне жүктелінсін. .

 

 

 

 

Жиналыс төрайымы:                        Алишева Б.К.

 

Жиналыс хатшысы :                          Жүрсін Ж.