«Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 ЖББО мектеп-гимназиясы» ММ
0
Қамқоршылық кеңес жиналысының №1 ХАТТАМАСЫ

М. Құрманғалиева атындағы

№32 мектеп-гимназиясында өткен

қамқоршылық кеңес жиналысының

                     

№1 ХАТТАМАСЫ

 

 

Күні: 20 қыркүйек 2017  жыл                                                                 

 

Қатысушылар:            мектеп  әкімшілігі, мектепішілік ата-аналар  

                                        комитеті мүшелері

Қатыспағандар:           жоқ

                           

 

                                   КҮН  ТӘРТІБІ

 

- Мектептің ішкі тәртібі, балалардың қауіпсіздігі

- Мектепішілік қамқоршылық кеңесі төрайымын   және мүшелерін сайлау

 

                                     НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

  1. Мектеп директоры  Айжан  Джамбулованың  мектептің ішкі тәртібі, балалардың қауіпсіздігі туралы сөзі.

     20 қыркүйек  күні өткен қамқоршылық  кеңесі жиналысында   М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназия басшысы Айжан  Джамбулова   оқу-тәрбие процесі барысында қойылатын талаптардың өз күшінде екендігін ескертіп, ата-аналарды ортақ мүдде тұрғысында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Ата-аналар жиналысында мектеп директоры Айжан Джамбулова  оқушылардың жеке бас қауіпсіздігіне де тоқталды. Мектепте жылдар бойы қалыптасқан қағида бойынша  бастауыш сынып оқушылары сабаққа ересектермен  бірге келуі шарт. Үйлеріне де ересектермен бірге жіберіледі. Бұл балаларды жол апаты, көше бұзақылары, тб,  қауіп-қатерден сақтандыру үшін қажет.

«Баланың  сабақ кезіндегі қауіпсіздігіне педагогтар мен мектеп ұжымы жауапты. Мектептен тысқары жерде бұл жауапкершілік ата-аналардың мойнында»  деді Айжан Джамбулова. Директор  мектеп ғимаратына бөгде адамдардың, мектеп ауласына бұралқы және қабаған иттердің, иесіз мысықтардың жіберілмеуін де балалардың қауіпсіздігі үшін жасалып отырған  шара деп түсіндірді.

 

  1. Мектепішілік қамқоршылық кеңесі төрайымын және мүшелерін   сайлау

Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңесі –білім беру ұйымын алқалы басқару нысандарының бірі. Бұл кеңес  тәрбиелеу, оқыту жағдайын барынша жақсартуға , балалардың құқықтарын қорғау және сақтау мәселелеріне қоғам назарын аударуға, сапалы білім беру қызметтерін көрсетуге бағытталған.

           Қамқоршылық кеңесінің негізгі мақсаттары:

-жарғылық функцияларын жүзеге асыруға, мектептің материалдық-техникалық базасын күшейтуге жәрдемдесу;

-білім алушылардың құқықтарының сақталуын қадағалау;

-сондай-ақ мектеп шотына келіп түскен қайырымдылық көмектің жқмсалуына қоғамдық бақылау жүргізу;

Қамқоршылық кеңесі өз қызметінде мектеп әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге жеке немесе заңды тұлғалармен қарым-қатынаста болады және оның мүшелерінің өкілеттіктерін орындауы ақысыз негізде жүзеге асырылады.

        Ата-аналардың ұсынысымен әрі бір кісідей қолдауымен мектепішілік қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып 5 «А» және  11 «Ә» класс оқушылары ата-анасы, облыстық прокуратурада басқарма прокуроры қызметін атқарушы   Алишева   Баян  Каналиевна  сайланды.        

       Ата-аналардың ұсынысымен қмектепішілік қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне:

1.Пирмаханова Турсулу Аязбаевна –қамқоршылық кеңесі төрайымының орынбасары 

2.Жүрсінқызы Жаңагүл - қамқоршылық кеңес хатшысы

3.Қуанышова Гүлімай Әбішқызы –мүше

4.Айтпаева Светлана Ермекбайқызы –мүше

5.Күзеуов Нұрлан Сарсенұлы –мүше

6.Саттарова Сақыпжамал Айғалиевна –мұше

7.Бухарбаева Айнур Куттымуратовна –мүше

8.Торжимбаева Баян Ергалиевна –мүше

9.Джусипбекова Айгул Жомабаевна-мүше

10.Абилов Талгар Сатыбаевич –мүше

11.Ахметова Ризагүл Амангелдиевна –мүше

12.Телебекова Ирина Мендигериевна-мүше

  1. Махмутова Зухра Байузаковна -мүше

14.Байқадамова Лайла Садировна-мүше

15.Райымханова Нуржамал Амангелдіқызы –мүше

16.Мукаев Мырзагерей Сержанович –мүше

17.Ильясова Жамилия Тургынбаевна  -мүше

18.Адилшина Луиза  -мүше

19.Алишева Баян Каналиевна-мүше болып сайланды.

 

Қабылданған қаулы:

 

  • Оқушылардың өмір қауіпсіздігі сабақ процесі кезінде мектеп-гимназия мұғалімдеріне , мектептен  тыс уақытта ата-аналарға жүктелінсін.
  • Мектепішілік қамқоршылық кеңесінің жұмысы Алишева Баян Каналиевнаға   міндеттелінсін.

 

 

 

 

Жиналыс төрайымы:                                Алишева   Б.К.

 

 

Жиналыс хатшысы:                                  Жүрсін Ж.