«Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 ЖББО мектеп-гимназиясы» ММ
0
№32 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

Ақтөбе қалалық  ғылыми-әдістемелік  Орталығының  жоспарына сәйкес , Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық  мерейтойына арналған «25 іс-шара» аясында  №32 мектеп-гимназиясында «Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!» атты  әдеби-музыкалық кеш өткізілді.

Кештің мақсаты: Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында  қол жеткізген жетістіктерін паш ете отырып, тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын ұлықтау. Кешке 100-ге жуық  оқушы қатысты. Кеш қонақтары  тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп өсіп келе жатқан, жүрегінде  патриоттық  рухы атойлаған,  азат елдің,  азат ұландарының өнерлерін тамашалап, өз ризашылықтарын білдірді.