«Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 ЖББО мектеп-гимназиясы» ММ
0
№32 мектеп-гимназиясында соңғы қоңырау салтанатты мерекесінің өткендігі туралы мәлімет

 

№32 мектеп-гимназиясында 25-ші  мамыр күні мектеп бітіруші түлектерге арналған «Сәт-сапар ХХІ ғасыр түлектері, Аттанған туған жерді түлеткелі» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.  

Мерекелік шараға қалалық білім бөлімінен есеп жүргізу секторының бас маманы Сапарова Еркен Қанжанқызы қатысып, мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тіледі.  Мектеп бітіруші түлектерге арнайы дайындалған концерттік бағдарлама өткізіліп, түлектер ән салып, би билеп, мектеп өміріндегі ең қызықты сәттерден сахналық қойылымдар көрсетті. 

Салтанатты мерекеге мектеп бітіруші 70 түлектің ата-аналары түгел қатысты. Сонымкен  қатар  1-ші және 10 класс оқушылары қатысты.

Сазды ішкі істер бөлімінен мектеп инспекторы Олжабаева Айнұр Нұрланқызы келіп кезекшілік атқарды. Мектеп мұғалімдерінен кезекшілік құрылды. №32 мектеп-гимназиясында мектеп ережесін және тәртіп бұзушылық болмағандығы туралы мәлімдейміз.