«Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 ЖББО мектеп-гимназиясы» ММ
0
2017-2018 оқу жылында М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясында «Алғашқы қоңырау» салатантты жиынының өткендігі туралы мәлімдеме

1 қыркүйек –Білім күні М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясында «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға 1-11кластар  және де жаңадан келген оқушылар ата-аналарымен  түгел қатысты. 1 қыркүйек білім күніне арнайы дайындалған концерттік  бағдарлама өткізіліп,  мектеп  оқушылары ән салып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.

Салтанатты жиынға Ақтөбе облыстық білім беру басқармасы қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы  Шакирова Шарипа Химанқызы,  облыстық  маслихаттың депутаты   Айтбаева  Светланна Ермекқызы, Мария Ғизатқызының сіңілісі  Гүлнар Ғизатқызы  және бір топ еңбек ардагерлері келіп қатысып,  мектеп оқушылары  мен мектеп ұжымына  ақ жол тілеп,  ақ баталарын берді.

Салтанатты жиыннан соң барлық кластарда  «Мен елімнің патриотымын» атты  тақырыпта алғашқы  ашық сабақтар өткізілді.