«Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 ЖББО мектеп-гимназиясы» ММ
0
ҰСТАЗДАР КҮНІ өткендігі туралы мәлімет

 

ҰСТАЗДАР КҮНІ өткендігі туралы мәлімет

Қалалық білім бөліміне

М.Құрманғалиева атындағы

№32 мектеп-гимназия әкімшілігінен

 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясында Ұстаздар күні мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясында 2-7 ші қазан аралығында  «Ұстаз - мектептің жүрегі» атты тақырыпта апталық өткізілді. Апталық барысында оқушылар  2-3 қазан күндері «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында қабырға газеттері көрмесі ұйымдастырды. 4-қазан күні «Ұстазым менің , ұстазым» атты 5-7 кластар арасында жас ақындар  сайысы өткізілді. 5-қазан күні «Менің алғашқы ұстазым» тақырыбында шығармалар сайысы, 6 –қазан күні «Ұстаздарға ақ тілек» атты  құттықтау стендін шығарып, «Мәңгілік елдің ұстаздары» атты арнайы шақыру билеттерімен ұстаздарды меркелік кешке  шақырды. 7-қазан күні «Ұстаз аты –биік, әрі мәңгілік»  тақырыбында мерекелік кеш өткізілді.