«Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 ЖББО мектеп-гимназиясы» ММ
0
№32 мектеп-гимназиясына ұлағатты ұстаз Құрманғалиева Мария Ғизатқызының есімі берілді.

Осыдан  тура 25 жыл бұрын еліміздегі тұңғыш ұлттық гимназия  Ақтөбе қаласында ашылған болатын. Оның тұсау кесер рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  өзі қатысты. Бұл білім ордасы №32 мектеп-гимназия. Ал оның ашылуына Мәрия Ғизатқызы мұрындық болған болатын.  Қазан айының 15-жұлдызы күні осы  білім ордасының ашылуына мұрындық болған №32 мектеп-гимназияға ұлағатты ұстаз Құманғалиева Мәрия Ғизатқызының есімі берілді. Жағымды жаңалық мұнымен ғана шектелмей, мектеп қабырғасына  Мәрия Ғизатқызының құрметіне арналған ескерткіш тақта ілінді.