«Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 ЖББО мектеп-гимназиясы» ММ
0
№32 мектеп-гимназиясында «Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасының жүзеге асыру» аясында жүргізілген жұмыстар туралы мәлімет

2016-2017 оқу жылында  «Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасының жүзеге асыру аясында №32 мектеп-гимназиясында  «Салауатты өмір салтын сақтаймыз»  атты Республикалық денсаулық күні аясында  мерекелік кеш, «Дұрыс тамақтану-деніміздің саулығы» » атты тәрбие сағаттары, «Нашақорлық және оның алдын –алу» атты 9-10-11 класс ер балалары  арасында  АОНД-дан  Бүркітбаев Талғат Орынбасарұлымен кездесу, 9-10-11 класс қыз балалары арасында қалалық №3 емхананың дәрігер-гинекологтарымен кездесу, 7-8 класстар арасында мектеп медбикесімен кездесулер ұйымдастырылды.

«Спорт-денсаулық кепілі» атты тақырыптарда түрлі спорттық шаралар мен флешмобтар өткізілді. «Өз  өміріңді көркемде» атты  9-10 кластар арасында дөңгелек  үстел, 5-6 кластар арасында «Дәрумендер» сайысы, «Салауатты өмір салты» атты  қабырға газеттері мен буклеттер көрмесі  өткізілді.