«Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 ЖББО мектеп-гимназиясы» ММ
0
М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясында өткізілетін «Жаңа жыл-2018» ертеңгіліктер мен балмаскарад кештері өткізілді

М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясында 26-28 желтоқсан аралығында 1-11 кластар арасында «Жаңа жыл-2018» ертеңгіліктер мен балмаскарад  кештері өткізілді.

Жаңа жыл қарсаңында  мектепішілік безендіру және мектеп алаңдарын безендіру, Мектеп шыршасын безендіру  жұмыстары жүргізілді. 1-4 бастауыш класс оқушыларына  «Әли» театры келіп  көңілді ертеңгіліктер  өткізді. 5-11 класс оқушыларына арналған мерекелік бағдарламаны «Өзін-өзі басқару» ұйымы ұйымдастырды. Мерекелік бағдарламалар би кештеріне ұласты.