«Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 ЖББО мектеп-гимназиясы» ММ
0
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Туған жер» бағдарламасының «Тәрбие және білім» базалық жобасын іске асыру жоспары бойынша  өткізілген кездесу кеші туралы

Анықтама

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Туған жер» бағдарламасының  «Тәрбие және білім» базалық жобасын іске асыру жоспары бойынша  9  ақпан күні  М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясында  «Мемлекеттің мәртебесі-Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» атты  тақырыпта  Ақтөбе газетінің редакторы, ақын, журналист   Өтеулиев Бауыржан Бабажанұлымен  кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеездесу кешіне мектеп-гимназия оқушылары, ұстаздары және ата-аналар қатысты. Кешті журналист Жаңагүл Жүрсінқызы жүргізді. Кездесу барысында ақынның балалық шағы, туған жері, студенттік өміріндегі қызықтары, еңбек жолы туралы қызықты мәліметтер айтылуымен қатар, биыл тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуымен құттықтап, ел рәміздерін ұлықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында  ақын мектеп-гимназия түлектеріне   өз жүрек жарды тілектерін айтып, ақ батасын берді. 

Анықтама беруші:                            Сағынғазықызы Кәмшат