«Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 ЖББО мектеп-гимназиясы» ММ
0
Тәрбие жұмыстары 2016-2017

№32 мектеп – гимназия қабырғасындағы 2016 – 17 оқу жылы бойынша тәрбие саласында атқарылған жұмыстардың реті төмендегідей:

2016  жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Сазды әуендер орындалып, жиын жоғары деңгейде өтті. Облыс басшысы Б.М.Сапарбаев өзі арнайы қатысып, оқушыларға тілегін тілеп, оқулықтар ұсынды.

 

Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлы есім» атты 10 класс оқушыларының қатысуымен мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай мектеп қабырғасында «Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген…» тақырыбында класс сағаттары, «Еліміздің еркіндігі - тәуелсіздік.»  атты 5-9  класс оқушылары арасында танымдық сағат, бастауыш класс оқушылары арасында  «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім», «Тәуелсіздік – ұлы ұғым » атты сыныптан тыс іс – шаралар және әдеби – әуенді кештер ұйымдастырылып, "Тәуелсіздікке тағзым" атты 9 класс оқушыларының ұйымдастыруымен салтанатты мерекелік шара өтті.

 2017 жылдың қаңтар айының 16-21 күндері «Отбасы мен мектеп бірлігі, болашақ ұрпақ тірлігі» тақырыбында ата-ана апталығы өткізілді. Апталықта оқушылар мен ата-аналары белсенділік танытып, мерекелік шара, ата-аналар тәрбие сағаттарын өткізіп, білімі мен өнерін ұштастыра отырып, балаларының мектептегі кезеңімен толық танысып, апталық соңында жетістікке жеткен ата-ана мен оқушы түрлі марапаттарға ие болды.

1 наурыз күні мектеп оқушыларына арнайы психологтар тренингтер өткізді. 6 класс оқушылары «Шын жүректен алғыс айтамын » – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт, 8 наурыз мерекесіне арнап 8 класс оқушылары «Анаға мың алғыс» атты мерекелік шараны ойдағыдай өткізді.

 

22 наурыз мерекесін мектеп көлемінде жоғары деңгейде атқарып, 10 класс оқушыларының ұйымдастыруымен «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік шара өтіп, ардагер ұстаздардың қатысуымен мектеп жанынан киіз үй тігіліп, мектепке келуші қала тұрғындарына наурыз көже ұсынылып, ойын-сауықтар мен сайыстар ұйымдастырылды.

Сәуір айында мектеп жанынан «Құстарға қамқоршы болайық» атты іс-шара жүзеге асырылды. Шара барысында еңбек пәні мұғалімдерінің демеуімен, оқушылар құстарға ұя жасап, мектеп ағаштарына бекітіп орналастырды.

 

1 мамыр күні Ұлттық Бірлік күніне орай «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыпта 5-6, 7-8 кластар арасында сайыс ұйымдастырылды. Сайыс өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі мен өнері, тағамдарын көрсету сияқты бөлімдерден тұрды. Сайыс тартысты өтіп, жүлделер сарапқа салынды.

9 мамыр қарсаңында әр класс жетекшінің жетекшілігімен оқушылар мектеп аймағындағы ардагерлердің үйлеріне барып, тілек- жырларын арнап, сый-сияпаттарын ұсынды

 

Ағымдағы оқу жылы ұл балалар ұйымы төмендегідей жұмыстар жүргізді. Ұйым жетекшісі жыл басында тағайындалып, жоспар құрылды. Ұйымның мақсат – міндеттері айқындалды. Қазан айында «Тәні саудың – жаны сау» нарколог мамандарымен кездесу өткізілді. Шара мақсаты: Салауатты өмір салтын дәріптеу, жасөспірімді жаман қылықтардан бойын алыс ұстауға тәрбиелеу.

Қараша айында «Жақсыны жолдасынан таны» атты өнеге сағат өткізілді. Ер балалардың достықты бағалауға қасиетін арттыру және достықты бағалау үйретуге мақсатталған шара болды.

 

«Отан үшін күрес – ерте тиген үлес» желтоқсан куәгерлерімен дөңгелек үстел өткізілді. Шара тәуелсіздіктің жолында қан төккен батырларымыздың ерлігін, жас буынға дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Оқушылардың бойында ерлікке деген қабілетін дамыту мақсатында «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Ақтөбе облысы ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігі төрағасы Аслан Балқасымов бастаған бір топ ауған ардагерлерімен келді. Оқушыларға патриоттық бағытта түрлі өнеге және соғыс кезендегі бастан кешкен оқиғаларын айтып берді.